ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫНА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК БЕРУ ТУРАЛЫЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ
Астана қ., 2026 ж.
«EdTech Edcrunch» ЖШС, БСН 260140031601, «31» наурыз 2026 жылғы №3345 резидент Куәлігі негізінде IT-стартаптардың «Astana Hub» Халықаралық технопаркінің резиденті болып табылатын, Жарғы негізінде әрекет ететін Бас директор Халухаев И.М. тұлғасындағы, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын ұйым, осы Оферта-шартты «Пайдаланушы» немесе «Тапсырыс беруші» деп аталатын жеке және заңды тұлғаларға арнап жариялайды.
1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
1.1. Орындаушы — «EdTech Edcrunch» ЖШС, БСН 260140031601, осы Офертаның шарттарына сәйкес Платформаға және Цифрлық білім беру өнімдеріне қолжетімділік беру қызметтерін көрсететін ұйым.
1.2. Платформа (ERA Бағдарламасы) — «ERA» атауындағы ЭЕМ-ге арналған бағдарламалық кешен (LMS-жүйе), оны пайдалану құқығы Орындаушыға 2026 жылғы 02 ақпандағы №EdT-2026-01 Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленуші — Альбисенов Ермұхамбет Ғазизұлымен жасалған, авторлық құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік институты берген 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №65541 мемлекеттік тіркеу Куәлігімен расталған эксклюзивті лицензия негізінде тиесілі. Платформа era-platform.kz мекенжайы және байланысты ресурстар бойынша қолжетімді.
1.3. Цифрлық білім беру өнімі (ЦБӨ) — Платформада орналастырылған электрондық форматтағы құрылымдалған мазмұн жиынтығы (бейнесабақтар, интерактивті модульдер, тесттер, әдістемелік материалдар, құзіреттіліктерді бағалау құралдары). ЦБӨ, атап айтқанда, мынадай бағдарламаларды қамтиды: «Қаржыны басқару», «Бас бухгалтер», «Тәжірибелік бухгалтер», «Қаржылық талдау», «Қаржы директоры», «HR-директор», «HR-менеджер», «Бухгалтер Калькулятор», «Салық кеңесшісі», «Методолог», «Retail маркетингі», «Middle Project Manager», «Қаржыға арналған Power BI», «Бухгалтерияға арналған ЖИ», «Менеджмент», «Жасанды интеллект» және Орындаушының сайтында жарияланған өзге де өнімдер.
1.4. Пайдаланушы (Тыңдаушы) — осы Офертаның шарттарын қабылдаған және Платформаға қолжетімділік алған жеке тұлға.
1.5. Тапсырыс беруші — осы Офертаның шарттарын қабылдаған және тағайындаған Пайдаланушылары (қызметкерлері) үшін Платформаға қолжетімділік ақысын төлейтін заңды тұлға (ЖШС, АҚ) немесе жеке кәсіпкер. Осы Офертада Пайдаланушы үшін белгіленген барлық шарттар, егер мәтінде тікелей өзгеше көрсетілмесе, Тапсырыс берушіге де бірдей қолданылады.
1.6. Акцепт — Орындаушының қызметтері ақысын төлеу арқылы осы Офертаның шарттарын толық және сөзсіз қабылдау.
1.7. Сертификат — Пайдаланушының ЦБӨ-ні өткені туралы растайтын PDF форматындағы электрондық құжат. Сертификат ақпараттық-растаушы сипатқа ие және мемлекеттік үлгідегі құжат болып табылмайды.
1.8. Жеке кабинет — акцепт пен төлемнен кейін Пайдаланушыға берілетін, ЦБӨ-ге, оқу материалдарына және оқу барысы туралы деректерге қолжетімділікті қамтитын Платформаның дербестендірілген бөлімі.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Осы Оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария шарт болып табылады.
2.2. Офертаны акцептілеу Пайдаланушының (Тапсырыс берушінің) оның барлық шарттарымен ешқандай ерекшеліксіз толық келісімін білдіреді. Акцепт Орындаушының қызметтері ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
2.3. Пайдаланушы Офертаның шарттарымен уақтылы танысуға өз бетінше жауапты. Орындаушы Офертаға саналы емес түрде қосылу үшін жауапкершілік көтермейді.
2.4. Акцепт сәтінен бастап Пайдаланушы Шарттың тарапы болады және осы Офертада көзделген құқықтар мен міндеттемелерді өз мойнына алады.
2.5. Офертаның шарттарымен келісе отырып, Пайдаланушы өз еркімен, саналы түрде әрекет ететінін, қажетті әрекет қабілеттілігі мен осы Шартты жасасуға заңды құқығы бар екенін растайды.
3. ПЛАТФОРМАҒА ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
3.1. Платформа (ERA Бағдарламасы) авторлық құқық объектісі болып табылады. Бағдарламаға эксклюзивті құқықтар Альбисенов Ермұхамбет Ғазизұлына тиесілі, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік институты берген 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №65541 авторлық құқықпен қорғалатын объектіні мемлекеттік тіркеу Куәлігімен расталады.
3.2. Орындаушы Платформаны 2026 жылғы 02 ақпандағы №EdT-2026-01 Лицензиялық шарт бойынша берілген эксклюзивті лицензия негізінде пайдаланады, бұл лицензия мыналарға құқық береді:
- ақы төлеу арқылы Пайдаланушыларға Платформаға қолжетімділік беруге;
- оқыту мақсатында Платформа арқылы материалдарды сандық форматта жаңғыртуға;
- Платформаны пайдалана отырып онлайн-сабақтар мен вебинарлар өткізуге;
- коммерциялық пайдалануға және сублицензия бойынша үшінші тұлғаларға құқықтарды беруге.
3.3. Сублицензиялау құқығы негізінде Орындаушы Пайдаланушыға (Тапсырыс берушіге) Платформаны тек жеке коммерциялық емес мақсаттарда және тек осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде сатып алынған ЦБӨ шеңберінде пайдалануға берілетін, эксклюзивті емес, берілмейтін құқықты ұсынады.
3.4. Пайдаланушы мынадай әрекеттерге құқылы емес:
- Орындаушының жазбаша келісімінсіз Платформа материалдарын көшіруге, жаңғыртуға немесе үшінші тұлғаларға беруге;
- Платформа материалдарын коммерциялық мақсаттарда пайдалануға;
- Платформаның бағдарламалық кодына кері инжиниринг, декомпиляция немесе өзге де техникалық араласу жүзеге асыруға;
- Жеке кабинетіне үшінші тұлғаларға қолжетімділік беруге.
3.5. Пайдаланушының осы бөлімнің шарттарын бұзуы Орындаушының Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес төлемді қайтармай Платформаға қолжетімділікті дереу тоқтатуына, сондай-ақ азаматтық-құқықтық жауапкершілікке алып келеді.
3.6. Орындаушы жасаған және Платформада орналастырылған барлық әдістемелік материалдар, оқу бағдарламалары, курстар құрылымы және өзге де ЦБӨ Орындаушының тәуелсіз зияткерлік меншік объектілері болып табылады және ҚР заңнамасымен қорғалады.
4. ШАРТТЫҢ МӘНІ
4.1. Орындаушы Пайдаланушыға (Тапсырыс берушіге) осы Шарттың 3-бөліміне сәйкес сублицензия шарттарында Платформаға және онда орналастырылған Цифрлық білім беру өнімдеріне ақылы қолжетімділік береді.
4.2. Осы Шарт бойынша қызметтер мыналарды қамтиды:
- Платформаның LMS-жүйесіне қолжетімділік беруді;
- электрондық форматтағы ЦБӨ-ге қолжетімділікті (бейнесабақтар, интерактивті модульдер, тапсырмалар, тесттер);
- цифрлық форматтағы әдістемелік материалдарды беруді;
- Платформаның жұмысы бөлігінде техникалық қолдауды;
- ЦБӨ-ні өткеннен кейін электрондық Сертификат беруді.
4.3. Платформаға қолжетімділік төлемді растаған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде беріледі.
4.4. ЦБӨ материалдарына қолжетімділік Пайдаланушыға Орындаушының сайтындағы нақты өнімнің сипаттамасында көрсетілген мерзімге беріледі. Мерзім жеке көрсетілмесе — қолжетімділік мерзімсіз болады.
4.5. Қызметтер ақпараттық-технологиялық сипатқа ие және бағдарламалық қамтамасыз етуге қолжетімділік беруді қамтиды. Орындаушы Пайдаланушының нақты мансаптық, кәсіби немесе қаржылық нәтижелерге қол жеткізуіне кепілдік бермейді. Оқытудың нәтижесі тек Пайдаланушының жеке қатысуы мен күш-жігеріне байланысты.
4.6. ЦБӨ нақты өнімнің сипаттамасында тікелей өзгеше көрсетілмесе, мемлекеттік біліктілік беруді немесе мемлекеттік үлгідегі диплом беруді болжамайды.
4.7. ЦБӨ аяқталғаннан кейін Пайдаланушыға мыналар беріледі:
- «өткені туралы» Сертификат — барлық тапсырмалар мен қорытынды аттестациялау орындалған жағдайда;
- «қатысқаны туралы» Сертификат — бағдарламаны танысу тәртібінде өткен жағдайда.
5. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
5.1. Нақты ЦБӨ-ге қолжетімділіктің құны төлем сәтінде Орындаушының ресми сайтында жарияланған тарифтермен айқындалады.
5.2. Төлем Платформаға қолжетімділік берілгенге дейін 100% (жүз пайыз) алдын ала төлем мөлшерінде жүзеге асырылады.
5.3. Барлық есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңгемен (KZT) жүргізіледі.
5.4. Төлем осы Шарттың 15-бөлімінде көрсетілген Орындаушының есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз тәсілмен немесе Орындаушының сайтында қолжетімді өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.
5.5. Ақша қаражатының Орындаушының есеп айырысу шотына түскен күні төлем күні болып есептеледі.
5.6. Орындаушы ҚҚС төлеушісі болып табылмайды. Қызметтердің құны ҚҚС-сыз көрсетіледі.
5.7. Орындаушы ЦБӨ құнын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Бағалардың өзгеруі өзгеру сәтіне дейін қолжетімділік ақысын төлеген Пайдаланушыларға қолданылмайды.
6. АҚША ҚАРАЖАТЫН ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІ
6.1. Осы бөлімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Платформаға қолжетімділік берілгеннен және Жеке кабинет белсендірілгеннен кейін ақша қаражаты қайтарылмайды.
6.2. Мынадай жағдайларда толық қайтарылады:
- Орындаушының кінәсінен Пайдаланушы төлем сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Платформаға қолжетімділік алмаса;
- Пайдаланушы Жеке кабинетті белсендірмеген және төлем күнінен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде жазбаша өтініш берген жағдайда.
6.3. Мынадай шарттар сақталған кезде ішінара қайтарылуы мүмкін:
- өтініш қолжетімділік белсендірілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілген;
- қайтару Орындаушының әкімшілік және транзакциялық шығыстарына есептелетін төленген сомадан 30% ұсталып жүзеге асырылады;
- ішінара қайтарылу тек Орындаушының жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
6.4. Мынадай жағдайларда қайтарылмайды:
- Пайдаланушы бейнесабақтарды қараса, тапсырмаларды орындаса, материалдарды жүктесе немесе Сертификат алса;
- Пайдаланушы Платформаны 5 (бес) жұмыс күнінен артық пайдаланса;
- қатысудың мүмкін еместігі Пайдаланушы тарапынан техникалық себептерден туындаса.
6.5. Ақша қаражатын қайтару жазбаша өтінішті алғаннан және қайтарудың негіздерін растағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
7.1. Пайдаланушы (Тапсырыс беруші) мынадай міндеттемелерді өз мойнына алады:
7.1.1. Орындаушының қызметтерін таңдалған тарифке сәйкес төлейді.
7.1.2. Корпоративтік оқыту кезінде — оқыту басталғанға дейін кем дегенде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын Орындаушыға тыңдаушылар тізімін (Аты-жөні, лауазымы, байланыс деректері) ұсынады.
7.1.3. Платформамен жұмыс жасауға арналған техникалық шарттардың (жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету, тұрақты интернет) болуын өз бетінше қамтамасыз етеді.
7.1.4. Осы Шарттың 3-бөлімімен белгіленген Платформаны пайдалану шарттарын сақтайды. Орындаушының жазбаша келісімінсіз Платформа материалдарын таратпайды және көшірмейді.
7.1.5. Орындарылған жұмыстардың электрондық актісіне (ОЖЭА) оны ұсынған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қол қояды. Актіге қол қоймау және көрсетілген мерзімде жазбаша қарсылықтардың болмауы қызметтерді толық көлемде қабылдау деп танылады.
7.1.6. Платформадағы мінез-құлық ережелерін сақтайды, Орындаушының қызметкерлеріне және өзге қатысушыларға құрметпен қарайды.
7.2. Орындаушы мынадай міндеттемелерді өз мойнына алады:
7.2.1. Осы Шартта белгіленген мерзімдерде Платформаға және ЦБӨ-ге қолжетімділік береді.
7.2.2. Платформаның техникалық жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді және Орындаушының кінәсінен туындаған ақауларды уақтылы жояды.
7.2.3. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес Пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
7.2.4. Пайдаланушы белгіленген талаптарды орындаған кезде ЦБӨ аяқталғаннан кейін Сертификат береді.
7.2.5. Корпоративтік оқыту кезінде — Сертификаттарды Тапсырыс берушіге тапсырады немесе тараптардың келісімі бойынша Пайдаланушыларға жолдайды.
7.3. Орындаушы мынадай құқықтарға ие:
7.3.1. Мұндай өзгерістер көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемін азайтпаса, алдын ала хабарлаусыз ЦБӨ мазмұнын, форматын және құрылымын өзгертуге.
7.3.2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін үшінші тұлғаларды (спикерлер, сарапшылар, техникалық мердігерлер) тартуға.
7.3.3. Осы Шарттың, оның ішінде 3-бөлімнің шарттарын бұзған жағдайда Пайдаланушының Платформаға қолжетімділігін төлемді қайтармай тоқтатуға немесе тоқтата тұруға.
8. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
8.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
8.2. Орындаушы мынадай жағдайлар үшін жауапкершілік көтермейді:
- Орындаушыға байланысты емес себептер бойынша Пайдаланушының Платформаға қолжетімділік алу мүмкіндігінің болмауы;
- қолжетімділік берілгеннен кейін ЦБӨ сапасы немесе мазмұны бойынша Пайдаланушының субъективтік қанағаттанбауы;
- Пайдаланушының мансаптық, кәсіби немесе қаржылық нәтижелері;
- үшінші тұлғалардың — байланыс операторларының, хостинг-провайдерлердің, төлем жүйелерінің — әрекеттері.
8.3. Осы Шарт бойынша Орындаушының жиынтық жауапкершілігі тиісті ЦБӨ үшін Пайдаланушыдан (Тапсырыс берушіден) нақты алынған төлем сомасымен шектеледі. Орындаушы жанама шығындар, өткізіп алынған пайда немесе беделге келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтермейді.
8.4. Пайдаланушы мыналар үшін толық жауапкершілік көтереді:
- тіркеу кезінде жалған деректер берген жағдайда;
- осы Шарттың 3-бөлімі мен ҚР авторлық құқық туралы заңнамасын бұзып Платформа материалдарын рұқсатсыз таратқан жағдайда;
- оның есептік жазбасы арқылы Платформаға қолжетімділік алған үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін.
9. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР
9.1. Орындаушы Пайдаланушылардың дербес деректерін тек «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес осы Шартты орындау мақсатында өңдейді.
9.2. Пайдаланушы Акцептіні жүзеге асыра отырып, Шартты орындау үшін қажетті көлемде дербес деректерін өңдеуге және сақтауға келісімін береді.
9.3. Орындаушы ҚР заңнамасымен тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының келісімінсіз дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермейді.
9.4. Платформа материалдары, әдістемелік әзірлемелер, бейнесабақтар және өзге де ЦБӨ Орындаушының құпия ақпараты болып табылады. Оларды Орындаушының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беру тыйым салынады.
10. ФОРС-МАЖОР
10.1. Тараптар табиғи апаттар, пандемиялар, соғыс қимылдары, мемлекеттік органдардың шешімдері, кибершабуылдар, телекоммуникациялық желілердің жаппай істен шығуы және тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге де оқиғалар салдарынан міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
10.2. Форс-мажор туындаған жағдайда Орындаушы Пайдаланушыға (Тапсырыс берушіге) ақылға қонымды мерзімде хабарлайды. Міндеттемелерді орындау мерзімдері форс-мажорлық жағдайлардың қолданылу кезеңіне ұзартылады.
10.3. Форс-мажорлық жағдайлар 3 (үш) айдан астам жалғасса, тараптар Шартты одан әрі орындаудың немесе тоқтатудың шарттары туралы келіссөздер жүргізеді.
11. ШАРТТЫ БҰЗУ
11.1. Жазбаша немесе электрондық нысанда ресімделген тараптардың өзара келісімімен.
11.2. Пайдаланушының (Тапсырыс берушінің) бастамасымен — кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлама жолдау арқылы. Орындаушы іс жүзінде жұмсалған шығыстарды және бұрыннан көрсетілген қызметтердің құнын ұстауға құқылы.
11.3. Орындаушының бастамасымен — мынадай жағдайларда:
- Пайдаланушы осы Шарттың 3-бөлімінің шарттарын бұзғанда;
- Платформадағы мінез-құлық ережелерін бұзғанда;
- материалдарды рұқсатсыз тараткан жағдайда;
- 3 (үш) жұмыс күнінен астам төлем мерзімін өткізіп алғанда;
- тіркеу кезінде жалған мәліметтер берген жағдайда.
Аталған жағдайларда төленген сомалар қайтарылуға жатпайды.
11.4. Шартты тоқтату тараптарды оны бұзғанға дейін туындаған міндеттемелерден босатпайды.
12. ОФЕРТА ШАРТТАРЫН ӨЗГЕРТУ
12.1. Орындаушы ресми сайтта жаңа редакцияны жариялау арқылы осы Офертаның шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
12.2. Өзгерістер жариялаған сәттен бастап күшіне енеді және жариялану күнінен кейін жасалған шарттарға қолданылады. Бұрын төленген қызметтер төлем сәтінде қолданылған редакция шарттарында көрсетіледі.
12.3. Өзгерістер жарияланғаннан кейін Платформаны одан әрі пайдалану Офертаның жаңа редакциясымен Пайдаланушының келісімін білдіреді.
13. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
13.1. Барлық даулар келіссөздер жолымен шешіледі. Претензиялық тәртіп міндетті болып табылады.
13.2. Претензия Орындаушының ресми электрондық мекенжайына жіберіледі. Қарастыру мерзімі — алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.
13.3. Егер заңмен өзгеше көзделмесе, негіздер туындаған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кейін берілген претензиялар қаралмайды.
13.4. Дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу мүмкін болмаса — дау Астана қаласының сот органдарында (айрықша соттылық) қаралады.
14. ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
14.1. Шарт Акцепт сәтінен бастап күшіне енеді және тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін немесе осы Офертада көзделген тәртіппен бұзылғанға дейін қолданылады.
14.2. Оферта edcrunch.kz сайтында жарияланған және оны кері қайтарып алғанға немесе жаңа редакциямен ауыстырғанға дейін қолданылады.
14.3. Электрондық пошта немесе Платформа арқылы (LMS, Telegram, WhatsApp қоса алғанда) жіберілген барлық хабарламалар, актілер мен құжаттар заңды маңызы бар деп танылады.
14.4. Осы Шарттың жекелеген ережесінің жарамсыздығы тұтастай алғанда Шарттың жарамсыздығына алып келмейді.
14.5. Осы Шартта реттелмеген мәселелерде тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
15. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
«EdTech Edcrunch» ЖШС
БСН: 260140031601
МТП «Astana Hub» резиденті, «31» наурыз 2026 жылғы №3345 Куәлік
Заңды мекенжайы: Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 17-үй, 52-пәтер
Банктік деректемелер:
«Kaspi Bank» АҚ
БСК: CASPKZKA
КБе: 17
IBAN: KZ62722S000051336461
Байланыс: Тел.: +7 747 500 48 76
Email: info@edcrunch.kz
Сайт: edcrunch.kz
Бас директор: Халухаев И.М.